Жаңалықтар
Педагог - ғалым Асма Қалыбекованың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
- Қаралды: 28
Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ-де ұстаз-ғалым, ҚР ГҒА академигі, ҚР ПҒА, Халықаралық психология ғылымдары академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қалыбекова Асма Ахметқызының 80 жылдық мерейтойы аясында «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға Санкт-Петербург, Түркия, Өзбекстаннан және Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, қоғам қайраткерлері оқу ордасының профессор-оқытушылары мен студенттер қатысты. Қоғам қайраткерлері Бекет Тұрғараев, Кенжехан Төлебаев, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, ақын Ханбибі Есенқарақызы қонақта болды.
Салтанатты кеште университеттің БасқармаТөрағасы-ректордың м.у.а. Ернар Имангалиұлы ғалым-ұстазды мерейтойымен құттықтап, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек арнайы келіп, құрметті ұстазды құттықтап, Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтың құттықтауын жеткізді.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияда Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, п.ғ.д, профессор Асқарбек Құсайынов «Басты мақсат – білім сапасы»; А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті, «Кадрлік менеджмент және білімді басқару» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д, профессор Трапицын Сергей Юрьевич «Перспективы и тренды развития современного образования» тақырыбында баяндама жасаса, Абай атындағы Қазақ ұлттық Педагогикалық университеті «Педагогика» кафедрасының п.ғ.д, профессор Жампеиісова Қорлан Тоқтамысқызы; п.ғ.д, профессор Гази университеті ректорының кеңесшісі Южель Гелишли; Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің п.ғ.д, профессоры Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы; Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы» кафедрасының доценті, PhD Отажанов Джамшидбек Машрабжанович;.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің Кентау институтының директоры, п.ғ.д, профессоры Беркімбаев Камалбек Мейірбекұлы өз құттықтауларын жеткізді.
Атап өтейік, Асма Ахметқызы қазақ халқының педагогикалық мәдениетін, ұлттық тәрбие жүйесін, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді зерделеп, оларды ғылыми тұрғыдан негіздеп, қазіргі білім беру процесінде қолданудың жолдарын ұсынып келеді. Ғалымның еңбектері ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұрпақ тәрбиесіне рухани бағыт-бағдар беруге зор үлес қосып келеді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз