Жаңалықтар
Әуезов университетінде Асма Ахметқызы атындағы ғылыми оқу залы салтанатты түрде ашылды
- Қаралды: 24
Мұғалім болу бар да, нағыз ұстаз болу бар. Екінің бірі мұғалім бола алар, бірақ, нағыз ұстаз болу көбінің қолынан келе бермейді. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 60 жылға жуық уақыт табанды еңбек етіп, бірнеше буын ұрпақты тәрбиелеген нағыз ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қалыбекова Асма Ахметқызы 80 жасқа толды. Бүгін университетте ғалымның 80 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылған «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Асма Ахметқызы атындағы ғылыми оқу залы ашылып, университеттің Басқарма Төрағасы-ректордың м.у.а. Ернар Имангалиұлы лентасын салтанатты түрде қиды.
Іс-шараға Санкт-Петербург, Түркия, Өзбекстаннан және Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ұстаздың шәкірттері, оқу ордасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Оқу залында ғалымның ұлттық педагогика саласындағы зерттеулері, ғылыми еңбектері, авторлық оқу құралдары мен монографиялары, сондай-ақ шәкірттерімен бірлесіп жазған мақалалары мен фотоқұжаттары жинақталған.
Оқу залына жиналған ұстаздың шет елден және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әріптестері Асма Ахметқызының ұлттық педагогика саласына сіңірген еңбектерін, ұстаздық қырын, адами болмысындағы ерекше қасиеттерін ақтарыла жеткізді. Олар Асма Ахметқызының тек білім беруде ғана емес, адамгершілік, қарапайымдылық, ізгілік сынды адами қасиеттерімен де көпке үлгі болғанын, әрбір сөзі мен ісі терең тәрбие мектебі екенін атап өтті. Сонымен қатар Анкара университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет институтының ұжымы құттықтауларын жолдаған хат табысталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз