Жаңалықтар
Көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша ақпараттық кездесу өтті
- Қаралды: 12
М. Әуезов атындағы ОҚУ-да шетелдік студенттерге ҚР көші-қон заңнамасын түсіндіру бойынша ақпараттық кездесу өтті. Жиынға Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н.Сембаев, Көші-қон қызметі басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі М.Медетбеков, Әл-Фараби АПБ көші-қон қызметі бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Е.Сапарбаев қатысып, шетелдік студенттердің елімізде болу тәртібін сақтауға байланысты маңызды мәселелерге тоқталды.
Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасының негізгі ережелері, студенттік визаны ұзарту тәртібі, уақытша тіркеу талаптары және шетелдік азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, кездесуде интернеттегі алаяқтықтан сақтану, әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратудың қауіптілігі және өзге де құқық бұзушылықтар жөнінде ескерту жұмыстары жүргізілді.