Жаңалықтар
Ең белсенді, білімді және креативті жастар Auezov университетінде
- Қаралды: 44
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Жастар аллеясы бүгін ерекше атмосфераға бөленді. Мұнда ең белсенді, білімді де өнерлі және креативті жастар университеттің «Жастар орталығы» ұйымдастырған дәстүрлі «Ұйымдар жәрмеңкесінде» бас қосты. Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ернар Иманғалиев жәрмеңкені аралап, жастар ұйымдарының жұмыстарымен танысты және олармен еркін форматта пікірлесті.
Іс-шара аясында Ернар Иманғалиев және қонақтарымыз Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері бойынша басқармасының бөлім басшысы Ақбота Бихожақызы, қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысының Аружан Әлжан, «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бекзат Төлебай «Auezov Stars» жобасының жеңімпаздары мен дараланған студенттерді алғыс хат және арнайы сыйлықтармен марапаттады. Жастардың іс-шарасына қолдау көрсеткен «Визит» компаниясы да өз сыйлықтарымен қуантты.
Атап өтейік, іс-шараның мақсаты — І-курс студенттерін университет қабырғасындағы түрлі ұйымдармен таныстырып, олардың студенттік өмірге белсене араласуына жол ашу. Бұл жәрмеңке арқылы жастар өз қызығушылықтарына сәйкес шығармашылық, ғылыми, интеллектуалдық, спорттық бағыттағы үйірмелер мен ұйымдарға қосылуға мүмкіндік алды. Ал Жастар орталығының құрамындағы түрлі бағыттағы 10 ұйым қызмет етеді.
Жастар кеші сазды әндермен, заманауи бағыттағы әсем билермен жалғасып, қатысушыларға жақсы көңіл күй мен шабыт сыйлады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз