Жаңалықтар
Қос чемпионды зор қошеметпен әуежайдан күтіп алды
- Қаралды: 16
Бокстан Ливерпульде өткен Әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары тарихи жеңіске қол жеткізді. Айрықша қуаныш – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері ел қоржынына екі бірдей алтын медаль салды!
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Махмуд Сабырхан чемпион атанып, алтыннан алқа тақса, 70 келі салмақта жұдырықтасқан Төрехан Сабырхан да қарсыластарын шаң қаптырып, әлемнің үздігі атанды.
Бүгін батыр ұлдарын әуежайдан Әуезов университетінің ұжымы мен студенттеріміз зор қошеметпен, ұлттық рух пен мақтаныш сезімімен қарсы алды.
Бұл жеңіс – бүкіл ел үшін үлкен мәртебе! Чемпиондарымызға жарқын болашақ, толағай табыс тілейміз!