Жаңалықтар
«Жастар болашағы: Жолдау міндеттері аясында»
- Қаралды: 30
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тұлға дамыту және ҚХА» орталығының ұйымдастыруымен Президенттің «Жасанды интелект дәуіріндегі Қазақстан: Өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын насихаттауда «Жастар болашағы: Жолдау міндеттері аясында» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.
Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев Жолдаудың маңызды бағыттарына тоқталды. Модератор, т.ғ.к., доцент «Тұлға дамыту және ҚХА» орталығының басшысы Г.Жанысбекова Жолдаудың ел болашағы жастарға бағытталған бастамаларын атап өтсе, «Тарих және педагогика» факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының т.ғ.к., доцент У.Алиев тарихи құжаттағы көтерілген мәселелердің барлығы қазақстандық қоғам үшін өзекті екенін жеткізді.
«Ақпараттық технологиялар және энергетика» ЖМ «Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасының магистр оқытушысы С.Нурмагамбет ЖИ технологияларының жетістіктерін атап өтіп, студент-жастарды оларды тек тұтынушы ретінде ғана емес, өндіруші әрі жасаушы ретінде де белсенді атсалысуға шақырды.
Президент Жолдауында белгіленген әрбір бастама – жастардың дамуына жол ашып, ел келешегін жарқын етуге негіз қалайды.