Жаңалықтар
Университет өндіріс орындарымен ынтымақтастықты нығайтуда
- Қаралды: 32
М. Әуезов атындағы ОҚУ бітіруші түлектерді жұмыспен қамтуды көздеген маңызды кездесу өтті. Іс-шараны университеттің «Ғылым және кәсіпкерлік» департаментіне қарасты «Кәсіпкерлік және серіктестік» орталығы ұйымдастырды.
Басқосуға «Shymkent Invest» ЖШС бас директоры Д.Т.Зиятбеков және Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі» орталығының директоры Б.М.Арқабаев арнайы шақырылды. Университет тарапынан бірқатар құрылымдық бөлім басшылары – «Ғылым және кәсіпкерлік» департаментінің директоры Б.М.Смайлов, «Ғылыми зерттеулер» департаментінің директоры Х.А.Абшенов, «Ғылыми жобалар және бағдарламалар» департаментінің директоры Б.Қ.Асылбекеов, «Сынақ зертханалар» департаментінің директоры Н.Ж. Жанабай, «Мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру» орталығының директоры Т.С Аубакирова және басқа да мамандар қатысты.
Кездесу аясында университет пен өндіріс өкілдері бірлесіп, жұмыс істеудің тиімді жолдарын талқылады. Атап айтқанда, студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру, бітіруші түлектерді жұмыспен қамту, стартап-жобаларға қолдау көрсету, ғылыми жобаларды бизнес арқылы коммерцияландыру және қаржыландыру мүмкіндіктері қаралды.
Кездесу нәтижесінде алдағы уақытта бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып, университет пен кәсіпорындар арасындағы әріптестікті одан әрі дамытуға келісім жасалды. Бұл қадам аймақтың инновациялық дамуына серпін бермек.