Auezov university мен C.Рахымов атындағы әскери колледжі әріптестік орнатты

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің С.Рахымов атындағы әскери колледжі өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді. Екі оқу орны арнайы меморандумға қол қойып, бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Меморандум аясында әскери мамандықтар бойынша сапалы кадр даярлау, оқу-материалдық базаны тиімді пайдалану, білім алушылардың кәсіби тәжірибесін арттыру, сондай-ақ оқытушылар құрамының өзара байланысын дамыту сынды маңызды бағыттар қамтылған.

Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Бесбаев меморандум шеңберінде өзара тиімді әріптестік орнатуға, бірлескен жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға, білім мен тәжірибе алмасуға оқу ордасы дайын екенін білдірді.

Ал университеттің Әскери кафедра бастығы, полковник Жақып Кенжебаев келісім аясында кафедра тарапынан оқу-материалдық базаны бірлесе пайдалану, әдістемелік көмек көрсету және өзге де қажетті қолдауларды ұсынуға дайын екенін атап өтті.

Меморандум екі жаққа да пайдалы жобаларды жүзеге асыруға жол ашып, әскери білім беру саласында сапаны арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.