Жаңалықтар
WEB OF SCIENCE ТОП-50 ҒАЛЫМ: Әуезов ғалымы 29-шы орыннан көрінді
- Қаралды: 23
М. Әуезов атындағы ОҚУ «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті, «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры, Адам қауіпсіздігі және экологиясы жөніндегі Халықаралық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының кандидаты Колесников Александр Сергеевичті 2020-2024 ж. ж. Web of Science деректері бойынша Қазақстанның химия ғылымдары саласындағы ең көп дәйексөз келтірілген ТОП-50 ғалымының ғылыми танылуымен және қатарына қосылуымен, 29-шы орынға ие болуымен құттықтаймыз!
Рейтинг ғылыми бағыттар жіктеуішінің екінші деңгейінде бір авторға келтірілген дәйексөздің нормаланған көрсеткіші негізінде құрастырылған. Оған Web of Science базасында индекстелген жоғары рейтингті журналдарда ең көп мақалалар мен тезистер жариялаған зерттеушілер кірді. Рейтингте ғалым үшін бірінші автор немесе автор-корреспондент болған басылымдар, ал тең көрсеткіштер болған жағдайда ғылыми жұмыстардың жалпы саны ескерілді.
Профессор Александр Сергеевич Колесниковтың химия ғылымының дамуына қосқан үлесі Қазақстанда да, шет елдерде де кеңінен танылуда. Профессор А.С.Колесниковке шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!!!