Жаңалықтар
«Жасанды интеллект және цифрлық даму – ұлттық идея»
- Қаралды: 36
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын дамытудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Президент «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбындағы Жолдауында цифрландыру мен ЖИ-ді еліміздің болашағы үшін стратегиялық бағыт» деп атап өтті.
Осыған орай, М.Әуезов атындағы ОҚУ-да «Жасанды интеллект және цифрлық даму – ұлттық идея» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының доценті Нұрлыбек Жұматаев жасанды интеллекттің бүгіні мен болашағы жайлы терең мағлұмат берді. Студенттерді заманауи технологиялардың көш басында тұруға, жасанды интеллектті терең меңгеріп, оны практикалық тұрғыда қолдануға шақырды. Ол бүгінгі таңда ЖИ – болашақ маманның басты құралына айналғанын, осы бағытта білім алу – уақыт талабы екенін ерекше атап өтті.