2025-2026 оқу жылы: ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті

Университетте  2025-2026 жаңа  оқу жылының алғашқы Ғылыми кеңес мәжілісі өтті.  Басқарма төрағасы-ректор, Ғылыми кеңестің төрағасы Дархан Ахмед-Заки ұжымды жаңа оқу жылымен құттықтап, алдағы мақсат-міндеттерді атап өтті. Дархан Жұмақанұлы өз сөзінде Аризона университеті филиалының  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің  базасында  ашу  бағытындағы   жұмыстардың  аяқталуға жақын екендігін хабарлады.  Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, алдағы жоспарлар бекітілді.

Сонымен қатар  2024-2025  оқу жылында «қауымдастырылған профессор (доцент)», «профессор» ғылыми атақтарын иеленген келесі  ғалымдарға салтанатты түрде аттестаттары  табысталды: Абдикеримова Гульжанар Иманбаевна («профессор»); Тастанбекова Гульнара Рахимбердыевна («қауымдастырылған профессор» (доцент), Күзербаева Айсулу Турмаханбетовна («қауымдастырылған профессор» (доцент),  Алпамысова Гулжайна Байгонысовна («қауымдастырылған профессор» (доцент), Иманбаева Айгуль Баратовна («қауымдастырылған профессор» (доцент).  Барлық ғылыми атақ иелерін құттықтаймыз, еңбектеріңіз табысты болсын!


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.