Жаңалықтар
«Қош келдің, студент!»
- Қаралды: 39
Бүгін университетімізде І курс білім алушыларына оқу ордасының студенттерге берілетін мүмкіндіктері, ішкі тәртіп ережелері, басшылық және профессор-оқытушылар құрамымен таныстыру іс-шарасы басталды. Алғаш болып «Қош келдің, студент!» деп аталатын кездесу «Заң» факультетінің білім алушылары арасында өтті.
Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, студенттік мәселелер жөніндегі департамент директоры Айдар Болысбек, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Л.Хасенова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызмет басшысы Әділ Жүрімбет, Ақпараттық білім беру орталығының басшысы Индира Қобланқызы, «Заң» факультетінің деканы Мақсат Елікбай білім алушыларды оқу ордасымен таныстырып, маңызды деген мәліметтерімен бөлісті.