Cтуденттік өмірге салтанатты қадам: білім күні мерекесі аталып өтті

1 қыркүйек  – Білім күні мерекесі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік іс-шараға қонақтар,  ардагер-ұстаздар, профессор-оқытушылар және білім алушылар қатысты. Университет ректорының м.у.а. Ернар Имангалиев құттықтау сөзінде оқу ордасының жетістіктеріне тоқталып: «Бұл күн – ғылым мен білімнің шамшырағы болған ұстаздар қауымы үшін де, армандарын жүзеге асыруға талпынған жастар үшін де ерекше мәнге ие. Әрбір жаңа оқу жылы – жаңа ізденістердің, тың бастамалардың бастауы болсын» деген тілегін жолдап, барша жиналған қауымды мерекемен құттықтады. 

2025-2026 оқу жылында оқу ордамыздың табалдырығын 5500-ден аса студент аттап отыр. Оның ішінде 2861 талапкер мемлекеттік білім гранты иегері, ал мектепті «Алтын белгімен» үздік тамамдаған 219 талапкер біздің оқу ордамызды таңдаған. Университет табалдырығын аттаған кешегі мектеп бітіруші түлек, бүгінгі студент атанған жастарға білім кілті мен студенттік билет табысталды.

Салтанатты жиыннан соң шара әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасып, мерекелік отшашу шашылды.  Студенттер үшін бұл күн ұмытылмас әсер мен жарқын эмоцияға толы болды.

Әуезов университетінің ұжымы мен білім алушыларды Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы – жетістіктерге, білім мен ғылым көкжиегін кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кезең. Бұл жыл әрбір студент пен ұстаз үшін ізденіс пен даму жылы болғай!


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.