ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ЖЕТЕКШІ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПРОФЕССОР У.БЕСТЕРЕКОВКЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Баку қаласында Әзербайжан Мемлекеттік Мұнай және Өнеркәсіп университетінде «Химиялық технология мен тұрақты дамудың заманауи сын-тегеуріндері» атты д.т.н., профессор Уйлесбек Бестерековтың жарқын рухына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

 Конференцияға Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстанның жетекші ғалымдары қатысты. Олар химия өнеркәсібі, экология және тұрақты даму салаларындағы өзекті ғылыми мәселелерді талқылады. Пленарлық отырыста келесі тақырыптарда баяндамалар жасалды:

 

 *Орталық Азиядағы мұнай өңдеу саласының келешегі;

 *Ауыр металдарды анықтауға арналған оптикалық сенсорлар;

 *Су сапасы мен тазарту технологияларындағы инновациялар;

 **Табиғи полимерлер негізіндегі биосорбенттер;

 Қазба байлықтарды тиімді өңдеу әдістері.

 

 Конференция ғылым мен білім үшін маңызды оқиға ғана емес, сонымен қатар профессор У.Б. Бестерековтың ғылыми мұрасына тағзым ету шарасы болды. Оның еңбектері мен идеялары жаңа буын зерттеушілеріне жол көрсетуде.

 

 Конференцияны ұйымдастырған барлық әріптестерге, серіктестер мен қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.