«Өндіріс, білім, ғылым және қолданбалы салалар бойынша» Қытай – Орталық Азия ынтымақтастық конференциясына қатысты

2025 жылғы 12 мамырда Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының Халықаралық көрме орталығында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің делегациясы Басқарма Төрағасы – Ректор Дархан Ахмед-Закидің басшылығымен «Өндіріс, білім, ғылым және қолданбалы салалар бойынша» Қытай – Орталық Азия ынтымақтастық конференциясына қатысты.

Ауқымды халықаралық іс-шара Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, СУАА партия комитетінің хатшысы Ма Сиджуй және ҚХР Білім министрі, Қытай Ғылым академиясының академигі Хуай Цзиньпэннің төрағалығымен өтті.

Қатысушы елдердің білім министрлері де құттықтау сөз сөйледі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі – С.Нұрбек, Беларусь Республикасы Білім министрі – А. Иванец, Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновация министрі – К.Шарипов.

Конференция аясындағы маңызды нәтижелердің бірі – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Yili Normal University (ҚХР) арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылуы болды. Бұл құжат екі университет арасында академиялық алмасу, бірлескен бағдарламалар және ғылыми жобаларды жүзеге асырудың негізін қалайды.

Сапар аясында делегация «Қытайда оқу – Синьцзянда оқу» атты білім көрмесіне де қатысты. Көрмеде Синьцзян мен Қытайдың өзге де өңірлерінің жетекші университеттері, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысты. Бұл іс-шара серіктестікті кеңейтуге және «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында жаңа мүмкіндіктерді талқылауға мүмкіндік берді.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.