ХАБАРЛАНДЫРУ

«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5 «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.   

Қоғам қызметінің мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.  

Қоғамның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі ұйымдық құрылымдарының, оның жұмыскерлері мен білім алушыларының Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі функцияны атқарады.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:   жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және сыбайлас жемқорлыққа немесе комплаенс саласындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл не жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша арнайы даярлығы және ұйым қызметінің бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар.  Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысына жеткізу қажет (248 бөлме, бас ғимарат), телефон: : 8 (707) 859 60 23.

Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.