УНИВЕРСИТЕТКЕ QS АГЕНТТІГІНІҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ЕУРОПА БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ДИРЕКТОРЫ РЕСМИ САПАРМЕН КЕЛДІ

2025 жылғы 20 мамырда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ресми сапармен QS агенттігінің Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша өңірлік директоры Сергей Владимирович Христолюбов келді.

Сапар барысында университеттің Басқарма Төрағасы-ректоры Дархан Жұмықанұлы Ахмед-Закимен кездесу өтті. Кездесу барысында университет пен QS компаниясы арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, QS рейтингіне, QS Asia University Rankings, QS Stars, QS Sustainability, QS by Subject және басқа да халықаралық рейтингтерге қатысу, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру бойынша ұсыныстар қарастырылды.

Келіссөздер барысында университеттің даму стратегиясы, ғылыми серіктестер желісін пайдалану, әріптестік байланыстарды кеңейту және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелері де талқыланды.

Сонымен қатар, сапар аясында университеттің құрылымдық бөлім басшыларымен кездесу өткізіліп, онда Сергей Христолюбов QS рейтингінің индикаторлары аясында университеттің қазіргі көрсеткіштерін және оларды жақсарту жолдарын ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша университеттің әлемдік рейтингтердегі орнын жоғарылату үшін бірқатар нақты ұсыныстар беріліп, университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық жоспарға енгізілетін міндеттер айқындалды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.