«ЕРЛІК ДАҢҚЫ МӘҢГІЛІК» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

М.Әуезов атындағы ОҚУ-де «7 – мамыр Отан  қорғаушылар» күні және «Ұлы жеңістің 80 жылдығына» орай  «Ерлік даңқы мәңгілік» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекеге профессор-оқытушылар құрамы, ардагер-ұстаздар, қонақтар және студенттер қатысты.

Іс-шара «Думан» студентік-халықтық театры өнерлі жастарының «Мұражай түні» сахналандырылған көрінісімен ашылды. Университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы мерекелік құттықтауында оқу ордасында ұлы тарихымызды жаңғыртуға «80 күн – 80 игі іс» атты арнайы жоба қолға алынғанын жеткізді.

– Ұрпаққа патриоттық сезім сыйлап, рухын оятып, жігер сыйлайтын мерекенің ұлтымыз үшін маңызы ерекше. Халқымыз ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты, қиын-қыстау кезеңде батырлық пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Осының бәрі әрине, батыр бабаларымыздың қайсарлығы мен батылдығының арқасы деп бағамдаймын.

Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған барша қандастарымыздың алдында бас иеміз! Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алады. Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірінде сақтаймыз!

Бүгінгі кешіміз де Ұлы Отан соғысында батырлық пен батылдықтың жан қиярлық үлгісін көрсеткен баһадүр бабаларымыздың рухына тағзым етуге бағытталған. Іс-шара баянды болсын! Ұлы Жеңіс мерекесі баршаңызға құтты болсын!, - деді құттықтауында  Дархан Жұмақанұлы.

Дархан Жұмақанұлы Әскери кафедраның бірқатар профессор-оқытушыларын еселі еңбектері үшін құттықтап, Құрмет грамотасы, Алғыс хаттармен марапаттады.

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2-Тергеу басқармасының аға тергеушісі, Экономикалық тергеу қызметінің майоры Айдос Тойшибеков батыр бабаларымыздың ерлігіне тоқталып, құттықтау лебізін білдірді.

Мерекелік кеш Шығармашылық кәсіптер орталығы өнерпаздары дайындаған концертке бағдарламаға ұласты.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.