ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Университеттің Басқарма төрағасы-ректор, Ғылыми кеңестің төрағасы Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы алдымен жетістіктерге қол жеткізген бірқатар профессор-оқытушылар құрамын марапаттады.

Атап айтқанда, «Тамақ инженериясы» кафедрасының профессоры, х.ғ. к., Уразбаева Клара Әбдіразаққызына 65 жылдық мерейтойына орай Басқарма Төрағасы-ректор Д.Ахмет-Заки құттықтау хат табыстады. «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының басшысы, т.ғ.к., Жанысбекова Гүлнар Әмірбайқызына  Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалі, Жастар орталығының директоры Ақан Бесбаевқа ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың жұмыс сапары барысында іс-шараларды жоғары деңгейде  ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтың Алғыс хатын және жас ғалымдар – Г.Қалдыбаева, Н.Утеулиев, Э.Турсынкулова, Ю.Поповаға философия  (PHD) докторы дәрежесінің дипломдары табысталды. Сонымен қатар республикалық  пәндік олимпиадаларда, пікірсайыс турнирлерінде жүлделі орындарды иеленген  студенттерімізге  дипломдары, төсбелгілері және сертификаттары салтанатты түрде берілді. 

Ғылыми кеңестің күн тәртібінде негізгі үш мәселе қарастырылды:

«Университеттің имидждік саясаты: жағдайы мен болашағы» (Баяндамашы: Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор С.К.Бейсенбаев);

«Оқу процесінде электронды контент пен мультимедиялық әзірлемелерді пайдалану туралы» (Баяндамашы: Оқу-әдістемелік орталығының басшысы Б.М.Хамитова);

«Докторанттардың диссертация тақырыптарын бекіту (қысқы қабылдау)» (Баяндамашы: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры  Г.М.Елибаева)


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.