ПУАТЬЕ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ЕКІЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Қазақстан мен Франция арасында ғылым мен жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың көкжиегі кеңейді. Оған дәлел, бүгін еліміздегі жетекші оқу ордасы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Франциядағы Пуатье (Université de Poitiers) университеті арасында екі жақты ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Пуатье университеті делегациясын университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки үлкен құрметпен күтіп алды.

Кездесуде Дархан Ахмед-Заки Әуезов университеті мен Франция арасын үлкен достық байланыстыратынын және ол 2003 жылы оқу ордасы ғимаратында ашылған француз оқу залынан басталғанын атап өтті. Бүгінде оқу залының ауқымы кеңейіп, Шымкенттегі Француз Альянсында өңір жастары мен тұрғындардың француз тілін үйреніп, мәдениетімен танысуына мүмкіндігі бар. Дархан Ахмед-Заки қонақтарға университеттің ғылым және жоғары білім саласындағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін, әлемдік рейтингтегі орны, халықаралық байланыстарымен таныстырды.

Делегация мүшелері университеттің факультет декандары және кафедра меңгерушілерімен бірлесе факультетаралық екіжақты ынтымақтастық алдағы қадамдарын бірлесе талқылады. Қос тарап осы ынтымақтастық арқылы білім беру сапасын арттыруға және халықаралық деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ниет білдірді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.