Жаңалықтар
«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТ» БІЛІМ АЛУДА ЖАСҚА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛМАЙДЫ
- Қаралды: 15
«Күміс университет» халықаралық қозғалысының міндеті - егде адамдардың қазіргі заманғы өмірге ойдағыдай бейімделуіне, өз бетінше білім алуына және өзін-өзі жетілдіруіне қолайлы жағдай жасау.
Осы халықаралық қозғалысқа үн қоса отырып, университетіміз өзінің үшінші миссиясы аясында 2021 жылдан бастап аға буын өкілдерінің шығармашылық және кәсіби дамуына жағдай жасауға және олардың белсенді еңбек қызметіне араласуын қамтамасыз етуге бағытталған «Салиқалы университет» жобасын жүзеге асыруды бастады.
2021-2024 жылдар аралығында «Салиқалы университет» жобасы аясында 64 зейнеткер «Цифрлық куратор», «Бағбан» курстары бойынша өз білімдерін жетілдірді. Оның ішінде: 2021 жылы – 14, 2022 жылы – 16; 2023жылы-16; 2024 жылы – 18 тыңдаушы оқып, қосымша білім алды.
Осы жылдар аралығында курс тыңдаушылары «Цифрлық куратор» курсы аясында қолданбалы компьютерлік бағдарламалармен, желілермен және интернетпен, электрондық үкімет ресурстарымен танысып, онлайн платформаларда жұмыс істеу дағдыларын үйренді. Университеттің профессор-оқытушылар құрамының дәрістерінен теориялық білім игеріп, мамандандырылған аудиториядағы интернет желісіне қосылған компьютерлерде жоғары білікті мамандардың көмегімен керекті ақпаратты тәжірибе жүзінде алды.
«Бағбан» (сәндік көгалдандыру маманы) курсы аясында бөлмелік өсімдіктерге, жеміс және сәндік ағаштарға күтім жасау, бақшада күзгі-көктемгі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша біліктілігін арттырды. Курстың мақсаты көгалдандыру және бақша өсіру қызметтері бойынша зейнеткерлердің тәжірибелік білімдеріні жетілдіріп, шебер бағбан болуына көмектесу. Бағбаншылық қызмет көрсету бойынша жұмыс істеп, қосымша қаржы көздерін табуына жол көрсету. Курс барысында тыңдаушылар ақпарат алмасып, өз шеберліктерін ортаға салды. Өңірдің топырақ құрамы, жергілікті өсімдіктердің түрлері бағбандыққа қатысты басқа ақпараттар туралы пікір алмасты.
Университетте «Салиқалы университет» жобасының аясында: «Бала күтуші», «Гүлді бөлме өсімдіктері», «Сауықтыру билері»; «Копирайтер», «Мәдени-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырушы» (шағын топтарға арналған іс-шаралар) курстарының бағдарламасы жасалынған.
Алдағы уақытта Жоғары мектептер мен факультеттердің базасында курстар ұйымдастыру, тыңдаушылардың ұсыныстарына сай қызмет көрсету іс-шаралары жоспарланып отыр.
Курс барысында білім мен демалысты қатар меңгеріп, 80 жылдан аса тарихы бар университіміздің әлеуетті базасымен танысып, университет мұражайына саяхат жасады. Осылайша зейнет жасындағы азаматтар курс барысында өзара пікір алмасып, жаңа адамдармен танысып, өмірлерін жаңа әсерлерге толтырды. Зейнет жасындағы жандардың өнегелі өмірі, заман ағымына сай білім алуға деген ұмтылысы жастарға үлгі болары даусыз.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз