УНИВЕРСИТЕТТЕ «СӘУІР – ҒЫЛЫМ АЙЫ» АЯСЫНДА АРХЕОЛОГ-ҒАЛЫМДАР БАС ҚОСТЫ

М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-де «Сәуір  – ғылым айы» аясында «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығының ұйымдастырумен «Оңтүстік өңіріндегі археологиялық және антропологиялық зерттеулерді дамыту жолдары» тақырыбында «дөңгелек  үстел» өтті. Іс-шараға қатысқан университеттің Басқарма төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки өз сөзінде Қазақстан тарихын қайта жазудағы еліміздің ғалымдарының еңбегіне тоқталып, университет ғалымдарының, оның ішінде аталған ғылыми орталықтың да сүбелі үлес қосып отырғанына тоқталды. Іргелі ғылыми ізденістер ата-бабаларымыздың өткен жолын, тұрмысын, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарының жастар тәрбиесіндегі орнына ерекше тоқталды. Еліміздегі және шетел ғалымдарымен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстарды әрі қарай жалғастыруды мақұлдай отырып, жаңа ізденістерге қолдау білдіретінін де баса айтты. 

 «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығының басшысы А.Саипов «Оңтүстік өңіріндегі археологиялық және антропологиялық зерттеулерді дамыту жолдары туралы» тақырыбында баяндама жасады. Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының Бас директоры Ахан Оңғар Қазақстандағы археология ғылымының бүгіні мен болашағы туралы айта келе, алдағы кезеңдерде археология ғылымының дамуына қатысты тың  ойлармен бөлісіп, ғылыми жобаларға қатысу, мамандар даярлау саласында бірлесе жұмыстар жүргізуге дайын екенін жеткізді.

Аталған институттың археолог мамандары, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері А.Ержігітова, «Тарих және энология ғылыми орталығының» басшысы Ш.Торғауытова, «Археология және антропологиялық зерттеулер» ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкерлері А.Авизова, А.Ергешбаев, ғылыми қызметкер Н.Бейсенов өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Басқосуда көтерілген келелі мәселелерді жан-жақты талқылай келе Әуезов университеті мен Ә. Марғұлан атындағы Археология институты арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, кадр даярлау, жетістіктері мен түйткілді мәселелерді бірлесе шешу туралы меморандум қабылданды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.