Хакім Абайдың 180 жылдығына арналған «Абай феномені және жаңа танымдық өрістер» атты халықаралық конференция өтті

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-де «Әуезов оқулары-23: Хакім Абайдың 180 жылдығына арналған «Абай феномені және жаңа танымдық өрістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Конференцияға онлайн және офлайн форматта еліміздегі және шет елдердегі ЖОО ғалымдары, абайтанушылар, мұхтартанушылар, «Amanat» партиясы және Шымкент қаласы мәслихатының және «Абай» мұражайының өкілдері, сондай-ақ студенттер қатысты.

– Бүгін киелі қарашаңырақта ғылым мен білімге, тарихты қастерлеуге және ұлтымыздың дара тұлғасын ардақтауға деген құрмет пен ізеттілік көрініс тапқан үлкен іс-шара өтіп жатыр. 23-ші рет дәстүрлі ұйымдастырылған конференцияға отандық және шет елдік ғалымдар қатысып, 300-ден аса ғылыми мақала ұсынылды.

Ел арасында «Абайды Абай еткен Мұхтар» десе «Мұхтарды Мұхтар еткен Абай» деп жатады. Бұл сөздің де тектен-текке шықпағаны белгілі. Тарихқа да, әдебиетте де аян – Абайдың өмірін, шығармашылығын, оның философиялық идеясын том-томдап жинақтап, халыққа жеткізген – Мұхтар Әуезов. Ендеше Мұхтар Әуезовтің атын иеленген біздің университетімізге бұл жауапкершілік жүктейді деп білемін, - деді алғаш сөз алған М.Әуезов атындағы ОҚЗУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Ахмед Заки.

Іс-шарада Қазан федеральдық университетінің профессоры Наиле Багаутдинова, Ташкент мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры Саидасрор Гулямов, АҚШ-тан келген қонағымыз – Фулбрайт бағдарламасының нұсқаушысы Анн Ягусах Ишанпепе Абайдың еңбектеріне тоқталып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Дария Қожамжарова ұлы Абайдың мұраларын зерттеудегі бүгінгі жұмыстар, жас ғалымдардың зерттеулеріндегі жаңашылдықтарды айта отырып, өз ұсыныстарын да жеткізді.

«Философия, саясаттану және дінтану» институтының профессоры, ф.ғ.д. Серік Нұрмұратов, «Абай» мұражайының меңгерушісі Жанар Үркинбаева, Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің PhD докторанты Ә.Исабек тағылымды баяндама жасады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.