Жаңалықтар
ЖАС ҒАЛЫМ «ЗАМАНАУИ ГАЗ ТАЗАРТУ АППАРАТТАРЫН ЖАСАУ» ЖОБАСЫН ҚОЛҒА АЛДЫ
- Қаралды: 35
М. Әуезов атындағы ОҚУ жас ғалымдары «Жас ғалым» конкурсының қорытындысы бойынша 9 жоба жеңіп алды. Олардың бірі - «Конструкцияларды, құрылғылар мен процестерді мультифизикалық модельдеу» ғылыми зертханасының ғылыми қызметкері, PhD, жас ғалым Абжапбаров Абай Ақылбекұлы. Абай Ақылбекұлы газ тазарту әдісін мультифизикалық модельдеу негізінде қазіргі заманғы газ тазарту аппараттарын жасаумен айналысады. Бұл әдіс құйындық және соққылық өзара әрекеттесу механизмдерін біріктіріп, жанасу аймағында оңтайлы жылулық режимді қамтамасыз етеді. Жоба қолданыстағы газ тазарту әдістерінің төмен тиімділігі, жоғары энергия тұтынуы, шегінділердің пайда болуына бейімділігі, сондай-ақ кәсіпорын ішінде және оның шегінен тыс жерлерде экологиялық жағдайдың қолайсыздығы мәселелерін шешуге бағытталған. Жобаны іске асыру барысында COMSOL Multiphysics бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып, мультифизикалық зерттеу әдістері пайдалынылады. Алынған нәтижелер газ ағындарының синфаздық құйындық өзара әрекеттесу режимінде жұмыс істейтін газ тазарту жүйелерін жасау саласындағы ғылым мен технологиялардың одан әрі дамуына ыңпал етуі мүмкін. Ғылыми жетістіктер химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру кәсіпорындарында, сондай-ақ технологиялық схемаларында газ тазарту және шаң аулау жабдықтары қолданылатын салаларда пайдалануы мүмкін.
Абай Ақылбекұлын құттықтаймыз! Ғылымның жаңа шыңдарын бағындыруына тілектеспіз!