Жаңалықтар
СТУДЕНТТЕР «БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ» АТТЫ ҚОЙЫЛЫМ ҰСЫНДЫ
- Қаралды: 79
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 күн – 80 игі іс» жобасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Бүгін «Мәдениет және өнер» факультетінің студенттері Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістерімен бірлесіп, «Бабалар рухына тағзым» атты қойылым ұсынды.
Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Дархан Балажанов, «Мәдениет және өнер» факультетінің деканы Медеубек Тәңірбергенов жастарға ерлік, жеңістің құндылығы, бабалар рухына тағзым жайында тағылымды әңгіме айтты.
Қойылымдағы өрімдей бозбалалардың тылдағы еңбегі, сұм соғыстың адамзат баласына тигізген азабы, әкені күту, сағыныш... қаралы хабар жеткізген үшбу хат... көрерменнің көзіне еріксіз жас үйіртті.
Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды!