«ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ БАСТАЛДЫ

М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-дың «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ҒЗИ «Тарих және этнология» ғылыми орталығына 2025 жылғы 17 ақпан-18 наурыз аралығында ғылыми тағылымдама және ғылыми-зерттеу практикасы аясында халықаралық бөлімдердің жолдамасы бойынша алғаш рет Үргенч мемлекеттік педагогикалық университеті, Ташкент мемлекеттік геология ғылымдары университетінің гуманитарлық бағыттағы ғалым-педагогтары, сондай-ақ М. Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің Жизақ филиалының профессор-оқытушылар құрамы тыңдаушы ретінде қабылданды.

Ғылыми орталық Қазақстан мен шекаралас мемлекеттердің тарихы мен дипломатиясын, этнологияны, қазіргі Қазақстанның этносаяси және этномәдени үдерістерін зерттеуді, сондай-ақ түркі әлемінің геосаяси және геоэкономикалық философиялық негіздерін қалыптастыруды мақсат етеді. Сонымен қатар, түркі этносының саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жобаларын дамыту, ұлттық брендингті қалыптастыру, Еуразияның этномәдени жүйесін интеграциялау, гуманитарлық ғылымдардың аймақтық зерттеулерге қосқан үлесін зерделеу, өлкетану және этнопедагогика бағыттарында ғылыми жұмыстар жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар, тағылымдама барысында Абайдың «Толық адам» ілімі және 1885 жылғы заңнамалық құқық бойынша толеранттылық тұжырымдама «Қарамола Ережесі» талқыланады. 2024 жылы жарыққа шыққан «Абайтану» оқу басылымымен танысу, бірлескен ғылыми ынтымақтастықта «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналында жарияланымдар жасау, экспедициялық жұмыстар жүргізу, университет мұражайына және «Мұхтартану» ғылыми орталығына экскурсиялар ұйымдастыру, Ақпараттық-білім беру орталығының қорымен танысты. Сонымен қатар, 18 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған конференцияға қатысуға дайындық жұмыстары жүргізіліп, соңында қатысушыларға қорытынды сертификаттар табысталады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.