ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ – 80 ЖЫЛ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «80 КҮН – 80 ИГІ ІС» АТТЫ ЖОБА БАСТАЛДЫ

Биыл Ұлы Жеңіске – 80 жыл толды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Жеңіс күнінің 80 жылдығы елімізде кең көлемде аталып өтетінін айтты. Осыған орай, мереке қарсаңында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «80 күн – 80 игі іс» атты ауқымды жобаны бастады.

Жобаның салтанатты ашылуына университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Ахмед-Заки, профессор-оқытушылар құрамы, студент-жастар қатысты. Дархан Жұмақанұлы іс-шараның маңыздылығына тоқталып, ардагерлердің майдандағы және тылдағы ерлігін есімізде сақтап, мақтан тұту, құрметтеу парызымыз екенін атап өтті.

Баршаңызға белгілі биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығын тойлағалы отырмыз. Бүгінгі іс-шара – сол Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтудің бастауы. Университетіміз аталған даталы мерекеге арнап «80 күн - 80 игі іс» атты арнайы жобаны қолға алды. Жоба аясында оқу ордасында 9 мамырға дейін әр күні ардагерлермен кездесу, тәлімгерлік сабақ, дөңгелек үстелдер, поэзия кеші, фото көрме, спорттық сайыстар т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады. Ұлы Жеңіс күніне дейінгі бабаларымыздың әрбір ерлігі, жанқиярлығы әр күнде өтетін іс-шараларда көрініс табады. Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірінде сақтаймыз,- деді өз сөзінде Дархан Жұмақанұлы.

Мерекелік кеште қатысушылар ҰОС және тыл ардагерлерінің рухына бас иіп, алау отын жақты. «Мәдениет және өнер» факультетінің ұстаздары мен студенттерінің «Солдат хаты» қойылымы көрсетілді.

«80 күн – 80 игі іс» жобасын оқу ордамызда алғаш болып қолға алудың өз маңыздылығы бар. Яғни, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың іргетасы сонау сұрапыл соғыстың нағыз қайнап тұрған кезінде 1943 жылы қаланды. Оқу ордасында сол кезеңдердегі соғыстан қираған қалалар мен елді мекендерді қалпына келтіру үшін құрылыс ісінің мамандары даярланды.

Игі іс 80 күн бойы, яғни Ұлы Жеңіс күніне дейін жалғасады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.