Жаңалықтар
ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ЗОР ҚҰРМЕТПЕН КҮТІП АЛДЫ
- Қаралды: 52
Бүгін шымкенттіктер фристайл - акробатикадан Қытайдың Харбин қала-сында өткен ІХ қысқы Азия ойындарының жүлдегерлерін әуежайдан зор қошеметпен күтіп алды. Қысқы Азия ойындарына Шымкент қаласынан Аяна Жолдас, Асан Асылхан, Ардана Маханова, Дінмұхамед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Уланбакир Умурзаков қатысқан болатын.
Олардың арасында Ардана Маханова мен Дінмұхамед Райымқұлов М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Спорт және туризм» факультетінде білім алады, 2 курс студенттері. Салтанатты күтіп алу кешінде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Маратбек Мықтыбеков, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев, ҚР фристайлдан құрама командасының аға жаттықтырушысы Бағлан Инкарбек жүлдегерлерді жеңісімен құттықтап, лебізін білдірді.
Атап өтейік, Қытайдың Харбин қаласында өткен ІХ қысқы Азия ойындарында әйелдер арасындағы сайыста фристайл-акробатикадан синхронды секіруде Ардана Маханова мен Аяна Жолдас қола жүлдегер атанды.
Дінмұхаммед Райымқұл - халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ұлттық құрамасының мүшесі, Жастар ойындары мен Спартакиада жеңімпазы, Әлем және Еуропа Кубоктарының жүлдегері. Фристайл-акробатикадан жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы. Алматыда жасөспірімдер арасындағы фристайл-могул және фристайл-акробатикадан әлем чемпионаты өтті. Халықаралық жарысқа 13 елден келген 110 спортшы қатысты. Дінмұхаммед Райымқұл чемпионаттың үшінші күнінде фристайл-акробатикадан алғашқы алтын жүлдені иеленіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз