АЛҒАШ РЕТ «AUEZOV SCHOOL CUP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨТТІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ректор кубогіне арналған  10, 11, 12 сынып оқушылары арасында екі күндік І Республикалық «AUEZOV SCHOOL CUP» пікірсайыс турнирі өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған турнирге «Ақиқат» пікірсайыс орталығынан 70 пікірсайысшы-ұйымдастырушы, еліміздің 6 аймағынан 120-ден аса үздіктердің үздігі саналған пікірсайысшылар қатысып, бағын сынады. 

–Турнир – жауапкершілігі мен интелектісі жоғары, рухани жан дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған тұлғаны  қалыптастыру және дамытуды мақсат етіп отыр. Пікірсайыс жастарды логикалық ойлауға, өз ұстанымын білдіруге тәрбиелейді. Сондай-ақ, әртүрлі жағдайда оны талдап, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға бейімдейді, – деп атап өтті Әуезов университеті Жастар орталығының директоры Ақан Бесбаев.

Қазақ және орыс тілінде америкалық парламенттік және Линкольн-Дуглас форматында өткен турнирді пікірсайысшылар қызықты әрі жоғары деңгейде өткізді деуге болады. Тартысты додада білім алушылар еліміздің қоғамдық-саяси тынысы туралы пікір таластырып, шешендік өнерлерін сарапқа салды.

Ұтқыр сөз сайысының қорытындысымен жеңімпаздар университетіміздің оқу гранты және «Әуезов университеті түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің тарапынан қаржылай  сыйлықтармен марапатталды. Университеттің Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры С.Бейсенбаев, Шымкент қаласы Әділет департаменті Тіркеу бөлімінің басшысы Д. Ботан қатысушыларды құттықтап, марапаттарын табыстады.  
Алматы облысы Шоқан Уәлиханов мектебінің оқушылары Жадыра Аликова мен Жігер Сейдахметов І ОРЫНҒА ие болып, 100%  оқу грантын ұтып алса,
 ІІ ОРЫН иегерлері  – Шымкент қаласынан Бекарыс Азимхан («№1 TALANT» жалпы білім беретін мектебі) және Камшат Алпысбайға (Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы) 200 000 теңге қаржылай сыйақы табысталды.

ІІІ ОРЫН иегерлері – Шымкент қаласы:
  1. Жолдыбек Ертай («Zerdeli high school»)
  2. Сарбаев Даниал (Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия) - 50 000 теңге қаржылай сыйақы;
ІІІ ОРЫН иегерлері – Жамбыл облысы:
  1. Сарымомед-огли Казим (Н.Ақшабаев атындағы орта мектеп)
  2. Маңызқызы Зере («Үміт» оқушылар сарайы) - 50 000 теңге қаржылай сыйақы алды.
Ең үздік спикер - Салыбек Шұғыла (№47 мектеп) 100% ОҚУ ГРАНТЫН ұтып алды.
Үздік спикер – Егемберді Ұлсая (Academy of golden kids) 30 000 теңге  қаржылай сыйақы;
Ең үздік төреші – Әзіретәлі Гүлфайрус 30 000 теңге қаржылай сыйақы;
Үздік төреші – Садық Аружан;
Ең үздік гид –Қуандықов Нұрлыхан атанды!
Турнирге қатысқан пікірсайысшыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
 
 
 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.