БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

2024 жылғы 23-мамырында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде оқу орнының бітіруші  түлектеріне  арналған «Жас маман-2024»  бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. 

Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс берушілерді тікелей қатыстыра отырып, бос жұмыс орындарын ұсыну арқылы түлектерге қолайлы жұмыс орнын  табуына мүмкіндік беру. 
Бұл шараға Түркістан облысы мен Шымкент қаласының бұрын екіжақты келісімшарттар жасалған барлық өндірістік кешендері, ірі өндіріс орындары, орта білім беру мекемелері қатысады.  Олар  «ҚазТрансОйл» АҚ, «Хилл Корпарация» ЖШС, «Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС,  «Карданвал» АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауыты, «Новоджамбул фосфат зауыты», «3-Энергоорталық» АҚ, «КАРЛСКРОНА» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «KazAlPack», ЖШС, «Феррум Втор», ЖШС, «Су ресурстары маркетинг, ЖШС,  «Кар-Тел» ЖШС, «Азия Трафо» ЖШС, «ShymkentTemir», ЖШС, «РАХАТ-ШЫМКЕНТ»  «ASIAGREENTECH» ЖШС,   «Стандарт Цемент» ЖШС, ТОО «КазНИИЛХ» ЖШС, «Бал Декор» ЖШС, «Azalaсotton» ЖШС, «Шымкент-Кашемир», ЖШС, «Azalaтеxtilе» ЖШС, «Әлем БТ» ЖШС, «BallTextile», «Зердекерамика» МК, «ЕСОCENTRE-CONSULTING» ЖШС  және т.б.

Сонымен қатар Шымкент қаласы және Түркістан облысының білім басқармалары, түрлі бейінді мектептер – музыка мектептері, гимназиялар, лицейлер, спорт және  өнер өнер мектептері, колледждер, Назарбаев зияткерлік мектептері (химия-биологиялық және физикалық-математикалық бағыттар), Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты басқармалар, Түркістан облыстық сотының кеңсесі, Шымкент қаласы және Түркістан облысының прокуратурасы, халыққа қызмет көрсету орталықтары, Шымкент қаласының мәдени орындары мен кітапханалары да қатысады деп жоспарланған. 

Дәстүрлі «Жас маман-2024» бос орындар жәрмеңкесі  түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетудің сындарлы диалог алаңына  айналды және  көптеген түлектерге болашақ жұмыс орнын таңдауға көмектесіп келеді.

Атап өтейік, 2023-2024 оқу жылында М.Әуезов атындағы ОҚУ-ді 9000-ға жуық түлек бітіреді.
 
Өтетін күні мен уақыты: 23-мамыр, 2024 ж.,  сағат  10:00-11:00
Өтетін  орны: М.Әуезов атындағы ОҚУ,  Бас ғимарат, «Жастар аллеясы» (Шымкент  қ.,  Тәуке- хан даңғылы, 5)
 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.