СӘУІР – ҒЫЛЫМ АЙЫ

Адамзат бағындырған барша жетістіктің бастауында ғылым тұрғаны ақиқат. Жыл сайын сәуір айында дәстүрлі түрде ғылым қызметкерлерінің мерекесі атап өтіліп келеді. Мерекеге орай, Әуезов университетінде 12 сәуір – ғылым қызметкерлерінің күніне арналған «Сәуір – ғылым айы» атты іс-шараның Жол картасы бекітіліп, бір ай көлемінде 30-ға жуық іс-шара өтеді деп жоспарланған.  Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма Төрағасы-ректор м.у.а. Қайрат Нұрманбетовтың қатысуымен профессор-оқытушылар құрамымен бірге Жол картасы тағы бір рет пысықталды.

Бір ай бойы өткізілетін іс-шаралар қатарында академик Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция, «Ғылым: Цифрлық экономиканың сын-қатерлері» ғылыми-тәжірибелік конференциясы,  «Ғылым мен өндіріс кооперациясы – өңірдің инновациялық дамуына жол» форумы ұйымдастырылу жоспарлануда. Сонымен қатар, Нобель сыйлығының лауреаты, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Құрметті профессоры Рае Квон, Чунг ашық дәріс жүргізеді.

Жас ғалымдар, студенттер мен мектеп оқушылары арасында конференциялар, үздік ғылыми жобалар көрмесі және олимпиадалар өтеді. Ардагерлерді ардақтау да назардан тыс қалған жоқ. Келушілер оқу ордасындағы ғылыми зерттеу институттары, орталықтар мен зертханаларда Ашық есік күні, шет елдік ғалымдармен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.
Ал 12 сәуірде Ғылым қызметкерлерінің күніне арналған кәсіби мереке салтанатты түрде аталып өтеді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.