AUEZOV UNIVERSITY ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, аққа аузы тиіп, қытымыр қыстың ызғарынан құтылған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз келіп жетті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде әз-Наурыз мерекесі кең көлемде тойланып, ұжым қуаныштарымен бөлісіп, бір-біріне ақ жарма тілектерін ақтарды. Салтанатты мерекеде көш басын батагөй қариялар мен қолдарында шашуы бар әжелер бастады.

М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма Төрағасы-ректор м.у.а. Қайрат Нұрманбетов жиналған қауымды жаңашылдық пен жасампаздықтың рухы, жаршысы саналатын ұлттық мейрамымызбен құттықтады. Биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі халқымызға құт-береке, тыныштық әкелсін деген тілегін жеткізді. Сондай-ақ іс-шара аясында Қайрат Еңбекшіұлы «Әуезов түлектері қауымдастығы» атынан университеттің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан бірқатар оқытушы-профессор қауымын Алғыс хатпен марапаттады.

Оған қоса Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиев пен университет басқарма төрағасының кеңесшісі Дария Қожамжарова тілектерін жаудырды.

Мерекеде жастар мен қызметкерлер ұлттық спорт түрлері кір тасын көтеруден сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
 
 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.