ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒАЛЫМДАРЫ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласында «Қазақ тілі – ғылым тілі: дәстүр және инновация» симпозиумы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы – 2023» және «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да өткен салтанатты іс-шарада сөз алған  ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек  ғалымдар, үздік оқытушылар және  қонақтарды  1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтады.
 
 Іс-шарада  «Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар», «Медицина және денсаулық сақтау», «Әлеуметтік ғылымдар», «Гуманитарлық ғылымдар және өнер», «Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары» және «Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік» бағыттары бойынша 50 ғалым үздік деп танылып, 2000 АЕК көлемінде сыйақыға ие болды. 
 
«Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы – 2023» байқауының жеңімпаздары қатарында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары  бар. Олар:
 
Сулейменов Уланбатор Сейтказиевич,  «Сәулет» кафедрасының профессоры;
Қамбаров Медетбек  Әбілдаұлы,  «Құрылыс материалдары және құрылыстағы сараптама» кафедрасының меңгерушісі, доцент;
Тулеметова Айгул Саиновна,  «Экономика» кафедрасының меңгерушісі, э ғ.к, доцент;
Жолдасбекова Бибисара Әбдиманатқызы, «Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындықтың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент;
Утелбаева Ақмарал Болысбекқызы,  «Химия» кафедрасының доценті, химия ғылымдарының докторы.
 
Сонымен қатар, «Сәулет және қала құрылысы»  кафедрасының профессоры, т.ғ.к  Жаңабай Нұрлан Жаңабайұлына мемлекеттік ғылыми стипендия тағайындалып, сертификат табысталды.
 
Еліміздің ғылым мен білім саласының дамуына үлес қосқан ғалымдарды жеңістерімен  шын жүректен құттықтаймыз!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.