«ОЛИМПИАДА - 2024»: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ЖАС ДАРЫНДЫЛАРДЫ АНЫҚТАЙДЫ

Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша орта білім беру мектептерін бітіруші оқушыларға арналған Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері комбинациясы және «Жас Талант» шығармашылық өнер конкурсы бойынша «Олимпиада - 2024» басталды.

Дәстүрлі түрде өтетін олимпиадаға қатысушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Өткен жылы 2 мың оқушы қатысса, биыл олимпиадаға тіркелгендердің саны 3 мыңға жетті. 20 ақпан - 1 наурыз аралығында өтетін сайыс Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндер комбинациясы бойынша өткізіледі.

–Олимпиаданың мақсаты – жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп бітіруші оқушылардың білімін бағалау нәтижесінде дарынды озат оқушыларды анықтау. Бұл өз кезегінде оқушылардың жоғары оқу орындарында дұрыс мамандық таңдауға жол көрсетеді. Сондай-ақ, оқуға түсу бойынша мейлінше ақпаратының көп болуына көмегі тиеді, - деп атап өтті ұйымдастыру комитетінің төрағасы Қ.Нұрманбетов.

Ертең университет базасында «Жас Талант» шығармашылық өнер конкурсы бойынша қатысушылар бақ сынайтын болады.Атап өтейік, Олимпиаданың нәтижесі бойынша жеңімпаздарға оқуға түскенде оқу ақысына I – орынға 100%, II – орынға 75%, III – орынға 50% жеңілдіктер қарастырылған.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.