Жаңалықтар
ШЕТ ЕЛДІК ҒАЛЫМДАРМЕН БІРЛЕСІП ЖАЗҒАН КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
- Қаралды: 269
М.Әуезов атындағы ОҚУ Аграрлық факультетінің профессоры Ибрагим Тұтқышбайдың халықаралық деңгейдегі шет ел ғалымдары мен оқытушы- профессорлар құрамымен бірлесіп жазған «Раны и раневой микробиоценоз», «Микробиоценоз в раневом процесе» атты оқу-әдістемелік кітабы жарыққа шықты. Санкт-Петербург қаласындағы «Лань» баспасынан шыққан кітапқа Н.В.Парахин атындағы Орлов мемлекеттік аграрлық университетінің ғалымы, ветеринария ғылымдарының докторы Н.В.Сахно секілді әлемнің бес іргелі оқу орнының ғалымдары атсалысқан.
Жаңа кітапта жаңа ветеринарлық диагностика, хирургиялық емдеу, алдын алудағы жаңашылдықтар қамтылған. Әдістемелік қос кітап «Академиялық ұтқырлық мобильдік» бағдарламасы аясында ветеринарлық медицина мамандығы студенттеріне, магистратура, PhD докторанттары, оқытушы- профессорлар құрамына дәріске, зертханалық , тәжірибе сабақтарында оқуға және кәсіби біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік береді.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз