Жаңалықтар
ХАБАРЛАНДЫРУ
- Қаралды: 551
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5 «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы, 5
Қоғам қызметінің мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қоғам қызметінің мақсаты ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және зерттемелерді коммерциялау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, тиісті салалардың уәкілетті органдарында және (немесе) білім беру мекемелеріндегі басшылық қызметте 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы.
Конкурсқа қатыса алмайды:
1) жиырма бес жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық жағынан құқық бұзушылық жасаған;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) белгіленген үлгідегі 3х4 түсті фотосуретімен конкурсқа қатысушының белгіленген нысандағы қызмет тізімі;
4) жоғары оқу орнының даму бағдарламасы;
4) жоғары оқу орнының даму бағдарламасы;
5) білім туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін олардың түпнұсқаларын ұсыну арқылы:
- Қазақстан Республикасының азаматтары-«Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және зертханалармен берілген, сонымен қатар өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттарды нострификациялау немесе мойындау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі;
- «Болашак» халықаралық стипендиясының игерлерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашак» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі;
- өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген осы білім беру құжаттарын мойындау туралы анықтаманың көшірмелері қоса тіркеледі;

6) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды ұсынған күнге дейін алты ай ішінде берілген денсаулығы туралы №075/у үлгі бойынша медициналық анықтама (медициналық кәсіби консультациялық қорытынды);
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;
9) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;
10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетіне жеткізу қажет (643 каб.), телефон: : 8 (7172) 74-24-26, 74-27-25.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз