Жаңалықтар
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ САБАҚ БЕРЕТІН МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫ
- Қаралды: 268
2024 жылдың 8 қаңтары мен 19 қаңтары аралығында Қосымша білім беру орталығы мен БББ жобалау және лицензиялау орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Кіріктірілген пәндік-тілдік оқыту CLIL» тақырыбындағы дәстүрлі курс өткізілді, оның мақсаты ағылшын тілінде сабақ беретін педагогикалық қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады. Курс аясында тыңдаушылар: үш тілде білім беру бағдарламасындағы CLIL әдісі; интеграцияланған білім беру бағдарламасы- нәтижеге бағытталған оқыту жүйесі; ағылшын тілі мен бейіндік пәндерді кіріктіріп оқытудың принциптері мен әдістері; кіріктірілген сабақ барысында оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегияларын қолданудың әдіс-тәсілдері; кіріктірілген сабақ барысында жобалық оқыту технологиясын қолданудың тиімді жолдары модульдері бойынша біліктіліктерін арттырып, кәсіби дағдыларын жетілдірді.