АҚШ ЕЛШІСІ AUEZOV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІНЕ ДӘРІС ОҚЫДЫ

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм Auezov University студенттеріне дәріс оқыды.

Дәріс барысында дипломат Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың даму аспектілеріне тоқталды. Сонымен қатар екі мемлекет арасында дипломатиялық байланыс орнаған уақыттан бері екіжақты және көпжақты форматта өзара тиімді іс-әрекеттер жолға қойылғанын атап өтті.

«Мен Шымкентке келгеніме және Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Университеттеріңіздің кампусы өте әдемі. Мені таңқалдырды. Қазіргі уақытта екі мемлекет арасында білім беру, ғылымды дамыту бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл – АҚШ пен Қазақстан арасындағы тығыз стратегиялық әріптестіктің нәтижесі», – деді Дэниел Розенблюм.
Елші білім алу және жоғары технологияны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Білімге ұмтылу – қастерлі құндылық. Сіздер неғұрлым көп ізденіп, білімді жетілдірсеңіздер, соғұрлым дүниені тани түсесіздер»,деп атап өтті дипломат.
 
Дэниел Розенблюм сөзінің соңында университет студенттерін жан-жақты болуға, спортпен шұғылдануға, шетел тілдерін меңгеруге, қазақстандық және әлемдік әдеби мұраны терең білуге шақырды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.