АКАДЕМИК МҰРАТ ЖҰРЫНОВ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ

Auezov University 80 жылдығына орай ғылым және білім саласындағы қайраткерлер атындағы дәрісхана ашылды.

Атап айтқанда, мерейтой қарсаңында университеттің түлегі, Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұрат Жұрынов атындағы дәрісхана пайдалануға берілді.

 «ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Мұрат Жұрынұлы Жұрынов атындағы аудиторияда шетелдік ғалымдар мен профессорлардың дәрістері, сабақтары, кездесулері өтеді. Мұрат Жұрынұлы Сізге Қазақстан ғылымына қосқан баға жетпес үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Қазір сіздің жолыңызды жалғастыратын химиктер, ғалымдар ұрпағы өсіп келеді. Біздің университет ғылыми қызметті дамытуға үлкен күш салуда», – деп атап өтті Auezov University ректоры Дария Қожамжарова.

Айта кетейік, еліміздегі іргелі көпсалалы жоғары оқу орны – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдығы 18 қарашада кең көлемде атап өтілмек. Атаулы дата қарсаңында «Білім, ғылым және инновациялар» Халықаралық форумы, ғылыми зертханалар кешенінің ашылуы және өзге де маңызды іс-шаралар бар.

Маркетинг және медиакоммуникациялар департаменті

Байланыс телефоны:
+7 7252 21 43 67

e-mail
: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.