Жаңалықтар
Мұражай – ұлтымыздың рухани ордасы
- Қаралды: 470
13.12.2017ж Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің тыңдаушылары Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай және Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – шетелден келген қазақ жастарын өңіріміздің тамаша табиғатынан бастап, кешегісімен бүгінгі тарихынан сыр шертетін мұражайдағы бағалы жәдігерлерін насихаттау болатын.
Мұражай қызметкері халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралармен таныстырып, тыңдаушыларға рухани азық берді. Тарихи Отанына білім қуып келген қандастарымыз, облысымыздың ең үлкен мұражайын көру мүмкіндігіне ие болғандығына өте қуанышты сезімде болды .