Мұқағали поэзиясына арналған әдеби-музыкалық кеш

Жуырда М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына  дейінгі дайындық факультетінде ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали – поэзия мұзбалағы» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кешке Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, ақын Ә.Әліп, Абай атындағы орталық кітапхананың әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Р.Сұлтанбек, оқу орнымыздың тәрбие бөлімінің бас маманы Г.Орынбаева, оқытушылар мен тыңдаушылар қатысты.
Әсерлі кешті факультет деканы, тарих ғылымдарының докторы Сейдехан Әлібек мырза ашып, көрермендерге мұзбалақ ақынның мәңгі өлмес жырлары хақында мәліметтер беріп, ақын өмірінің жарқын сәттерін жадымызда қайта жаңғыртты.
Кеш барысында ақын өмірінен сыр шертетін бейнеролик те көрсетіліп, көрермендердің көңілінен шықты. Өз кезегінде «Шам» облыстық жас ақындар клубының төрағасы С.Сейітов пен талантты тыңдаушыларымыз – А.Әмәлиятұлы мен Е.Нұрлыбектер қазақ поэзиясының ақтаңгеріне арнаған өз өлеңдерін тарту етсе, Ш.Тұрсын, Қ.Аманхан сынды бір топ тыңдаушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, тыңдаушыларды тәнті етті. Сондай –ақ кеш барысында өнерлі өрендеріміз М.Ақиқат «Есіңе мені алғайсың» әнін орындаса, А.Серікхан «Сенің көзің» әнін әуелете шырқады.   
Кеш соңында Абай атындағы кітапхананың әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Р.Сұлтанбек өнерлі жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, кітапханада өткен іс-шараларға жастарды көптеп тартуға мұрындық болып жүрген факультет деканына  өз ұжымының арнайы Алғыс хатын табыстады. Өз кезегінде факультет деканы, т.ғ.д., С.Әлібек мырза құрметті қонақтарға құнды кітаптар сыйлап, алдағы күнде  де екі ұжым арасындағы мәдени байланыстың желісі үзілмейтіндігіне  сенім білдірді.

 

  


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.