М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің жас ғалымдары Махатма Ганди университетінде тәжірибе алмасып қайтты

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Жас ғалым» грант иегерлері Азимов А.М., Смайлов Б.М., Есенбек А.С., Кадирбеков А.А. Үндістанның Махатма Ганди университетінде «Ластанудан тазартуға дейінгі су» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияда «Қазақстанның оңтүстік өңірін сумен жабдықтаудың жерасты көздерінің экологиялық мониторингі және су дайындаудың оңтайлы технологиясын ұсыну» жобасының жетекшісі Азимов Абдугани Муталович «Нанофильтрация технологиясын пайдалана отырып жерасты және жербеті суларын тазалау» тақырыбында баяндама жасады. Конференцияға Ұлыбритания, Канада, Польша, Корея, Франция, Жапония, Америка Құрамы Штаты, Испания және Қазақстаннан ғалымдары қатысты.
Бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін М. Әуезов атындағы ОҚМУ мен Махатма Ганди университеті арасында меморандумға қол қойылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.