Жаңалықтар
«СӘУЛЕТ, КӨЛІК ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС» ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМА НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
- Қаралды: 613
13.02.2023 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ-де «Сәулет, көлік және құрылыс» факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова,Бірінші проректор, Әдеп жөніндегі уәкіл Қ.Е.Нұрманбетов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жетекшісі Г.Дулатова және факультет ұжымы қатысты.
Кездесуде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Әлжановасыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын, заңнама нормаларын түсіндірді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімділігіне тоқталды.
Бірінші проректор Нұрманбетов Қайрат Еңбекшіұлы оқытушыларды Академиялық адалдық қағидалары, Әдеп кодексі нормаларын сақтап, ішкі актілерді басшылыққа алып, білім беру процесінде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етуге шақырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша факультетте академиялық адалдықты ілгерілету жөніндегі жұмысты белсендіру тапсырылды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз