Жаңалықтар
Назарбаев универсиеті Білім беру жоғары мектебінің ассистент-профессоры Нетти Бойвиннің (Nettie Boivin) қатысуымен семинар-тренинг өткізілді
- Қаралды: 365
2016 жылы наурыздың 17-ші жұлдызында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі Департаментінде Назарбаев универсиеті Білім беру жоғары мектебінің ассистент-профессоры Нетти Бойвиннің (Nettie Boivin) қатысуымен ағылшын тілінде сабақ жүргізетін оқытушылар үшін «CLIL - Issue and application in a trilingual context» «Пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту - үш тілді білім беру мәнмәтініндегі мәні және мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренинге университеттің арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту ұйымдастырылған 9 факульеттерінен шамамен 45 ОПҚ қатысты.
Семинар-тренинг барысында ПТИО - пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту анықтамалары, ПТИО акронимінің пайда болу тарихы, оқыту тілінде сабақ мазмұнды жүргізу, оқыту дағдылары, оқу бағдарламасының түрлі пәндерінін сабақтарында қалыптасатын тіл мен ойлау туралы білімді тексеру қарастырылды.
Сабақтарды жоспарлау және белгілібір тапсырмалардың және материалдардың қажеттілігін түсіну, сабақ берудегі білім мен оларды бағалау сұрақтары белсенді талқыланды.
Семинар-тренинг аяқталған соң ЖОО оқытушылары мен студенттері үшін Назарбаев универсиеті Білім беру жоғары мектебінің магистратура мен докторантура бағдарламалары таныстырылды.