Жаңалықтар
Білім беру экономикалық өсудің маңызды факторы ретінде
- Қаралды: 407
Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы білім және ғылым саласының өзекті мәселелеріне, оның проблемалары мен перспективаларына арналған «Білім беру экономикалық өсудің маңызды факторы ретінде» тақырыбындағы семинар-кеңес 2016 жылдың 5 сәуір күні университеттің мәжілістер залында болып өтті.
Семинар-кеңеске ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ «Стратегиялық әзірлемелер және бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығының» Халықаралық ғылыми зерттеулер басқармасының бастығы Өтебаева Алтынгүл Болатқызы; ҚР БжҒМ Стратегиялық және үйлестіру департаменті директорының орынбасары Кукамбаева Джанат Киреевна; Ақпараттық-талдамалық орталық АҚ Білім беру статистикасы департаменті директорының орынбасары Атанаева Мираим Қажымұқамбетқызы және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқытушы-профессорлық құрамы мен Оңтүстік Қазақстан облыстық Білім департаментінің өкілдері, Шымкент қаласы колледждері директорларының оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар-кеңесте талқыланған түйінді мәселелер мына тақырыптарды қамтыды: Халықаралық рейтингтердегі қазақстандық білім; Білім мен ғылым саласында мемлекеттік қызметерді көрсету сапасын қамтамамасыз ету; Ұлт жоспары-қазақстандық білімді жаңғырту жолында; Ғылым және бизнес; Дуальді оқыту-біліктілігі жоғары кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету және т.б.
Аталған тақырыптар бойынша семинарға қатысушылар өзара пікірсайыста білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты сапалы іске асыру, жас ұрпақты «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеяға сәйкес жас ұрпақты бірлесе тәрбиелеу жұмысын жаңғырту, ғылым мен бизесті ұштастыру жолдары туралы ойларын ортаға салды. Ортақ ой қазіргі заманғы білім беру саласы бәсекеге қабілетті маман даярлаумен қатар, экономикалық өсуге қол жеткізетін бірден-бір көрсеткіш ретінде қарастырылды.
Семинар қорытындысы бойынша білім беру саласын дамыту бағытында нақты ұсыныстар жасалдып, Үкімет талқылауына жіберілді.