Жаңалықтар
ECTS білім беру бағдарламаларын даярлау, жүзеге асыру, мониторинг жасау және сапасын қаматамасыз ету құралы
- Қаралды: 549
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі ЖОО ректорларымен болған мәжіліс хаттамалық тапсырмаларының 2.8.5 тармағын орындау және студентке бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу, білім беру үдерісіне ендіру мақсатында 2021 жылы желтоқсан айының 2-і мен 14-і аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан унивесритетінде «Қосымша білім беру» және «Білім беру бағдарламаларының менеджменті» орталықтарының ұйымдастыруымен «ECTS білім беру бағдарламаларын даярлау, жүзеге асыру, мониторинг жасау және сапасын қаматамасыз ету құралы» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтуде.
Курс бағдарламсы:
- ECTS негізінде білім беру бағдарламаларын даярлау;
- сапасын қамтамсыз ету;
- білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
- пәндердің жұмыс-оқу бағдарламасына қойылатын ұйымдастыру-әдістемелік талапатар сяқты маңызды модульдерді қамтиды.
Курс нәтижесінде тыңдаушылар білім беру бағдарламаларын әзірлеу және білім беру процесіне ендіру дағдыларына ие болып, унивесритеттің білім беру бағдарламаларының жаңа құрылымы әзірлененеді.