Механика және мұнайгаз ісі факультетінің «Мұнайгаз ісі» және «Стандарттау және сертификаттау» кафедраларының Шымкент қаласының колледж студенттері мен орта мектептердің бітіруші оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған Ашық есік күні туралы

Талапкер 2022
Механика және мұнайгаз ісі факультетінің «Мұнайгаз ісі» және «Стандарттау және сертификаттау» кафедраларының Шымкент қаласының колледж студенттері мен орта мектептердің бітіруші оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған Ашық есік күні туралы

 

2021 жылдың 6 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан университетінің ғимаратында Механика және мұнайгаз ісі факультетінің «Мұнайгаз ісі» және «Стандарттау және сертификаттау» кафедраларының ұйымдастырылуымен Шымкент қаласының колледж студенттері мен орта мектептердің бітіруші оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс шараға «ҚазСтандарт» РМК ШТФ директоры Бейсеев С.Ә., «Кәсіби бағдар беру» орталығының директоры Айтуреев М. Ж., факультет деканы Серікұлы Ж., кафедра меңгерушілері Жантасов М.К., Тулекбаева А.К., оқытушы профессорлық құрам, факультет түлектері қатысты.
Ашық есік күнін университеттің Факультет деканы Серікұлы Жандос ашты. Факультет және құрылымдық кафедралар мен студенттерге жасалып отырған жағдай туралы, халықаралық байланыс және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, әскери кафедра мен белсенді студенттік өмір туралы ақпарат берілді.
«Мұнайгаз ісі» және «Стандарттау және сертификаттау» кафедраларының меңгерушілері кафедралардың қызметі, жұмыс бағыттары, оқытушы профессорлық құрамы, түлектер және де студенттердің мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынды.
Келген қонақтарға арнайы бейне роликтер дайындалып, көрсетілді.
Келесі сөз тізгінін жұмысберуші «ҚазСтандарт» РМК ШТФ директоры Бейсеев Сакен Әнуарбекұлы мамандықты таңдау, білім алу және жұмысқа орналасу жөнінде талапкерлерге өз ойын айтып, маңызды мәліметтермен бөлісті. Барлық келген азаматтарға кафедралар туралы ақпарттық брошюралар таратылды.
«Кәсіби бағдар беру» орталығының директоры Айтуреев М. Ж. Университет, онлайн және офлайн оқу форматы, ҰБТ қажетті құжаттар мен емтихандар туралы айтып өтті.
Кафедраның 2 және 3 курс студенттері стартап өнімімен қонақтарды таныстырды.
Іс-шараға қатысқан талапкерлерге факультеттің лабораториялық басасында саяхат ұйымдастырылды
 

# Талапкер 2022

# Механика және мұнайгаз ісі факультеті

# Auezov University

# Мен ОҚУ тандаймын

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.