Жаңалықтар
«Цифрлық педагогика: білім беру жаңашылдығы» ғылыми форумындағы үздік педагогтардың тәжірибесі!!!
- Қаралды: 655
2021 жылдың 10-11 қараша күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы-адамдар үшін жасампаздық» аясында және Дүниежүзілік Ғылым күніне орайластырылған жыл сайынғы «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг-2021» VІII халықаралық конференциясы өтеді.
«Цифрлық педагогика: білім беру жаңашылдығы» ғылыми форумындағы үздік педагогтардың тәжірибесі!!!
Конференция аясында «ЦИФРЛЫҚ ПЕДАГОГИКА: «БІЛІМ БЕРУ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ» атты республикалық педагогикалық ғылыми форум өтеді.
Форум жұмысына Қазақстанның мектептері мен колледждерінің ұстаздары шақырылды. Модераторы - педагогика ғылымдарының кандидаты, Шымкент қаласы Білім басқармасының Дарын орталығының директоры Джеренова Раушан Омарханқызы.
Форумды өткізудің мақсаты Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР-ЕЛДІҢ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің педагогтарына қойылған міндеттерді талқылау.
Форумда еліміздің еңбек сіңірген педагогтары баяндама жасайды:
Орынбеков Арман Шымбайұлы «Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі», «Үздік педагог – 2019», Шәбден Жадыра Рахманқұлқызы «Үздік педагог -2020», Махмудов Гавхарбек Раушанбекович «Үздік тәлімгер 2021»,
2021 жылдың үздік педагогтары-Татьяна Викторовна Харченко және Тұрышова Әсел мұратбекқызы. "Globalteacherprise" конкурсының финалисті Жумабеков Асхат Советханұлы шақырылуда.
Форум 11 қарашада сағат 10-00-де аралас форматта өтеді.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз