«Цифрлық экономика» ғылыми форумында экономиканы цифрлық трансформацияланудың үздік әлемдік әдістері!!!

2021 жылдың 10-11 қараша күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы-адамдар үшін жасампаздық» аясында және Дүниежүзілік Ғылым күніне орайластырылған жыл сайынғы «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг-2021»  VІII халықаралық конференциясы өтеді.

«Цифрлық экономика» ғылыми форумында экономиканы цифрлық трансформацияланудың үздік әлемдік әдістері!!!

        Конференция шеңберінде индустриялық-экономикалық әлеуетті дамыту үшін елді цифрландыру мәселелері талқыланатын «Цифрлық экономика» республикалық форумы ұйымдастырылды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұжырымдамасы бойынша қараша айы «Индустриялық-инновациялық даму және цифрлық экономика айы» деп жарияланды.
Форум жұмысына қатысуға шет елдердің, Қазақстанның ғалымдары шақырылуда.
Модераторы «Басқару және бизнес» жоғары мектебінің ғылым және инновациялар жөніндегі деканының орынбасары, экономика ғылымының кандидаты  Гүлнар Жарасқызы Уразбаева жүргізеді.
Форумды өткізудің мақсаты-Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді талқылау болып табылады.
Келесі шетелдік ғалымдар баяндама жасайды:
Iulian Romeo Ihnatov, Finance, Money and Public Administration Department, Аssociate professor, PhD, Alexandru Ioan Cuza University, Iasi, Romania
Чуприна Н.Н.-э.ғ.д., проф. Украина Мемлекеттік химия-технологиялық университетінің экономика факультетінің деканы
Назаров А. Д. – РФ Екатеринбург қаласындағы сандық экономика және құқық Институты, ғылым департаментінің директоры
Дырка Стефан- э.ғ.д., Катовице қ. Верхно-Силезия экономикалық университетінің профессоры, Польша
Афанасьев О. Е. - ФГБОУ ВО «Ресей мемлекеттік туризм және сервис университеті» (профессор)
Мұстафа Нұрсой-PhD докторы, Мугла Түркия университеті, Мугла қ.
Cemal Okuyan – Балакесир университеті
Суйц В.П. - э.ғ.д., проф. М. Ломоносов атындағы ММУ, кафедра меңгерушісі.
Айтымбетова А.Н. - э.ғ. к., «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі.
Форум 10 қарашада сағат 16-00-де аралас форматта өтеді.
 
 

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.