Жаңалықтар
«Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг-2021» VІII халықаралық конференциясы өтеді.
- Қаралды: 497
2021 жылдың 10-11 қараша күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы-адамдар үшін жасампаздық» аясында және Дүниежүзілік Ғылым күніне орайластырылған жыл сайынғы «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг-2021» VІII халықаралық конференциясы өтеді.
Конференция химиялық технология, нано және биотехнология, агроөнеркәсіптік кешен және тамақ индустриясы, тоқыма өнеркәсібі технологиялары, механика, экология және табиғатты тиімді пайдалану, жаңартылатын энергетика және энергия үнемдейтін технологиялар, IT-технологиялар, әлеуметтік-экономикалық даму және инженерлік білім беру бағыттары бойынша жүргізіледі.
Конференция аясында Балабеков Оразалы Сатимбекұлының 80 жылдығына арналған «Академик Балабеков О.С- серіктес, ғалым және ұстаз» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізіледі.
Балабеков Оразалы Сатимбекұлы -Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясының және Халықаралық инженерлік академиясының академигі, КСРО құрметті химигі, техника ғылымының докторы, профессор.
О.С. Балабековтың еңбек жолы М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетімен (бұрынғы Қазақ-химия технологиялық институты) тығыз байланысты. Мұнда Балабеков О.С. 1964 жылы ассистенттік қызметтен бастап қазақ химия-технологиялық институтының ғылыми істер бойынша проректорына дейін көтерілді. 33 жыл көлемінде «Химия өндірісінің машиналары мен аппараттары», қазіргі «Өнеркәсіптік технологиялардың процестері, машиналары және аппараттары» кафедрасында еңбек етіп, оның ішінде 25 жыл осы кафедраны басқарып, оқу процесіне мамандарды оқыту және дайындаудың прогрессивті формалары мен әдістерін енгізді.
Қазақстандағы жаңа ғылыми бағыттарды құруға арналған, яғни бұл, химиялық технология және экологияның процесстері мен аппараттарының теориялық негізін зерттеп-дайындау.
О.С.Балабеков 500-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, мұның ішінде 18 монография, 88 өнертабыс, ГОСТ-тар мен төрт техникалық шарттар (ТШ), 3 ғылыми ашылым мен ғылыми гипотизасын шет мемлекеттердің академиялары мен ғылыми қауымдастықтары мойындады.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары шақырылады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - Балабеков Оразалы Сатимбекұлының ғылымда жеткен жетістіктері мен бірлескен ғылыми және оқу қызметі жылдарын, сонымен қатар ғылыми және инженерлік кадрларды даярлаудағы жетістіктерін еске алу.
Дөңгелек үстел 2021 жылғы 10 қарашада сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін аралас форматта өткізіледі
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз